Астанада көші-қон полициясының бұрынғы басшысы ұсталды деген ақпарат тарады

Астанада көші-қон полициясының бұрынғы басшысы ұсталды деген ақпарат тарады
Фото: Astana_newsmedia

Астанада қалалық Полиция департаменті Көші-қон полициясы басқармасының бұрынғы басшысы Ербол Махметовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Astana_newsmedia дереккөзінің мәліметінше, Ербол Махметов бұған дейін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған.

Әзірге оның қандай іс бойынша және қандай күдікпен ұсталғаны жөнінде нақты ақпарат жарияланған жоқ. Сондай-ақ құзырлы органдар тарапынан Махметовтің ұсталғанына қатысты ресми мәлімдеме берілмеген.