Астанада балалар тұрақта тұрған көлікті талқандап тастаған

Сағыныш Сардарова 06 сәу. 2026 14:26

Астанада балалар тұрақта тұрған көлікті талқандап тастаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға Қосшығұлұлы көшесінде болған. Балалар тұрақта тұрған көлікті зақымдаған. Кадрларда олар көліктің капотына шығып, алдыңғы әйнекті тепкені көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, бұл бір реттік жағдай емес. Бақылау камералары осы аумақта басқа көліктер де бүлінгенін тіркеген.

Полиция департаменті кәмелетке толмағандар анықталғанын хабарлады. Олар әкімшілік жауапкершілік жасына жетпегендіктен, ата-аналарына балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін хаттама толтырылған.

Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove