Астанада атпен қала аралаған блогерге айыппұл салынды

Астанада атпен қала аралаған блогерге айыппұл салынды
видео кадры

Астанада қала көшелерімен атпен жүрген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, елорданың 35 жастағы тұрғыны атпен автожолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларда жүрген. Соның салдарынан жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірген.

Сондай-ақ «Бәйтерек» монументіне қарай бет алған кезде жануар жол қиылыстарының бірінде тротуарды ластап, жасыл желекті таптап өткен.

Осыған байланысты ер адам абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін екі бірдей әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды.

Полицияның хабарлауынша, блогер бұл әрекетке ойын-сауық орнының біріне арналған жарнамалық ролик түсіру мақсатында барған.