Елорда тұрғыны қорғау талаптарына қарамастан, төрт ай бойы бұрын бірге тұрған әйелді заңсыз қудалаған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Күдікті оған қоңырау шалып, хабарламалар жіберген, тұрғылықты жеріне барған, үйінің маңында күтіп тұрған және балағат сөздер айтқан.
Салдарынан жәбірленуші өзінің және кәмелетке толмаған қызының қауіпсіздігі үшін үнемі алаңдап, қорқып жүрген.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы сталкинг үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды.