Астанада 7-20-25-пен үй алғысы келген 25 адам сан соғып қалды

Сағыныш Сардарова 28 қаң. 2026 09:51

Астанада 7-20-25-пен үй алғысы келген 25 адам сан соғып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшаларын иемденген 30 жастағы ер адамға үкім шықты.

Ол "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсынамын деп азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Барлығы 25 адам оның қылмыстық әрекетінен зардап шегіп, келтірілген жалпы залал 95 миллион теңгеден асты.

"Сот айыпталушыға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove