Астанада 12 жастағы қызға интим қатынас ұсынған педофил ұсталды

Көркем Алдабергенова 14 қаз. 2024 16:24 2854

"Жаңа адамдар" қозғалысы 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған педофилді ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Педофил "Жаңа адамдардың" белсенділері жүргізген әлеуметтік эксперимент кезінде ұсталған. Тәжірибеге кәмелет жасына толған, қозғалыс мүшесі қатысқан. Ол танымал мессенджерде парақша ашып, жасын 12 деп белгілеген. Кішкентай қыз бірден бірнеше адаммен танысқан. Олар жазып отырған кішкентай қыз екеніне де қарамаған. 

Бар-жоғы бірнеше сағат ішінде азғындар пасық ұсыныстар жасай бастаған. Араларындағы ең батылы - өзін «Нариман» деп таныстырған жас жігіт болды. Ол балаға жыныстық қатынасты ашық түрде ұсына бастаған. Қыздың абдырап, бұл не деген сауалына Нариман: «Сен төсекке жатасың, қалғанын сол кезде көрсетемін», – деп жауап берді. Жас мәселесі педофилді алаңдатпады да. Жазған хатында ол: «Мен жай ғана жыныстық қатынасқа түссем болғаны, тіпті сен 2 айлық болсаң да, сенен бас тартпаймын», - деген.

Азғын - Астана қаласының тұрғыны 24 жастағы Нариман Бурамбай болып шықты. Нариман бірнеше күн бойы өз дегенінен қайтпай, кездесуді ұсынған.

Қозғалыс белсенділері оған бұл кездесуді ұйымдастырып берді. Педофил кинорумда кездесуді ұсынған. Алайда, онымен кездесуге 12 жасар қыздың орнына бірнеше ондаған "Жаңа адамдар" белсенділері келді. 

"Белсенділердің орнында шын кішкентай бала болса, не болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 124-бап – «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» туралы қамтиды. «124» азаматтық науқанының белсенділерібалалардың қауіпсіздігі үшін әлеуетті педофилдерді анықтап, олардың есімдерін жария етуді жалғастырады. Кез келген азғын кездесуге көндіретін баланың орнына резеңке бұйымдары бар, оның бетіне басуға қауқарлы, шымыр жігіттер келуі мүмкін екенін жақсылап есте сақтауы керек", - дейді қозғалыс белсенділері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар