Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті

Көркем Алдабергенова 16 қаң. 2025 19:28 461

Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады. 

"Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті", - делінген хабарламада. 

2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар