Астана әкімі Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне джип мінгізді (фото)

Астана әкімі Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне джип мінгізді (фото)


Бүгін түнде Астанада Рио Олимпиадасының жүлдегерлерін салтанатты түрде күтіп алу шарасы өтті. 




Елордаға бокс және әйелдер күресінің ұлттық құрама спортшылары келді. Жүлдегерлерді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, спортшылардың туған-туысқандары мен жанкүйерлер қарсы алды.
photo_67894
photo_67894


Ал елордалық спортшылар Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен күміс жүлдегерлер Василий Левит және Гүзел Манюроваға ерекше көңіл бөлінді. 

photo_67896
photo_67896


Астана әкімі спортшыларға жаңа көліктің кілтін табыс етті. 

photo_67898
photo_67898


Атап айтсақ, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Toyota Land Cruiser 300 сыйға тартылды, өз кезегінде Левит пен

Манюрова дәл осы арадан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін мініп кетті. 

photo_67902
photo_67902


Исекешевтың айтуынша, сыйлықтар мұнымен шектеліп қалмайды. Олимпиада жүлдегерлеріне Елордадан пәтер беріледі. 

photo_67901
photo_67901


"Спорттағы жоғары нәтижелеріңіз үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен сіздерге арнайы сыйлық дайындап қойдық.

photo_67899
photo_67899


Әрбір жүлдегерге Астанадан пәтер беріледі. Сіздер біздің батырларсыздар, батыр жаяу жүрмеуі керек. Сондықтан сендерге темір тұлпардың кілтін табыс еттік" деді Исекешев өз сөзінде. 

photo_67903
photo_67903


ФОТО: Тengrinews.kz

Дереккөз: kaz.365info.kz