Аса ірі қылмыс жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды

Аса ірі қылмыс жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегі...

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті "Ж"-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады.

"Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Биыл қаңтарда ол Чехияда ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.