Атырауда 389 млн теңгенің тиімсіз жұмсалуы тоқтатылды

Самал Асқар 23 сәу. 2026 16:37

Атырау облысында прокурорлар 389 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Dala News.

Жылыой ауданы прокуратурасының мәліметінше, аудан әкімдігі спорт кешенін сатып алуға қаржы бөлуді жоспарлаған. Бұл шешім 2025 жылғы 17 желтоқсанда аудандық бюджет комиссиясында мақұлданған.

Алайда тексеру барысында сатып алынуы тиіс нысанның тозығы жеткені анықталған. Соның салдарынан оны сатып алғаннан кейін қосымша жөндеу жұмыстарына тағы бюджет қаржысы қажет болатыны белгілі болды.

Прокуратура мұндай шешім бюджет қаражатын тиімді жоспарлау қағидаттарына қайшы келетінін атап өтті.

Нәтижесінде қадағалау актісі енгізіліп, аталған шешімнің күші жойылды. Осылайша 389 млн теңгенің орынсыз жұмсалуына жол берілмеді.

Ведомство бюджет заңнамасының сақталуы ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove