Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны тоқтатылды

Самал Асқар 19 нау. 2026 13:34

Алматы прокуратурасы жер заңнамасының бұзылуын анықтап, бюджеттен 800 млн теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Dala News.

Қадағалау барысында жергілікті атқарушы органның 0,5006 гектар жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы заң талаптарына қайшы екені белгілі болды.

Прокуратура мәліметінше, бұл аумақта қала бас жоспарына сәйкес жалпы пайдаланудағы нысандар салу қарастырылмаған. Соған қарамастан, әкімдік жерді дәл осындай мақсатта алып қою туралы шешім қабылдаған.

Аталған жер телімінің бағалау құны 800 млн теңгеден асады.

Прокуратураның наразылығын қарау нәтижесінде әкімдіктің заңсыз қаулысының күші жойылды.

Қабылданған шаралар бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермей, мемлекет қаржысын сақтап қалуға мүмкіндік берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove