“Артемидиа-2” тарихи Ай миссиясы аяқталды: Тоқаев Трампты құттықтады

Қаракөз Амантай 11 сәу. 2026 10:22

NASA-ның төрт ғарышкер мінген "Орион" ғарыш кемесі Калифорния жағалауына жақын Тынық мұхитына сәтті қонды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.

"Президент адамзаттың соңғы жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы ұшуына айналған және ғарышты игерудегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін "Артемида-2" миссиясының табысты аяқталуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы америкалық ғылымның адамзат танымының көкжиегін кеңейтіп, әлем бойынша жаңа буын ғалымдар, инженерлер мен зерттеушілерге шабыт беретін озық жетістіктеріне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасы мен ғарыш саласындағы өзге де бастамаларды жүзеге асыруда табыс тіледі", – делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove