Арнайы операция: екі қалада қазақстандықтардың жеке дерегін сатып жүргендер анықталды

Сағыныш Сардарова 27 сәу. 2026 11:08

Екі қалада қазақстандықтардың жеке дерегін сатып жүргендер анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл наурызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке дерегін заңсыз жинап, таратты деген күдіктілерді анықтады.

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іске қатысушылар заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.

"Сатып алушылар қатарында микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ, жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрон ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша және өзге де заттай дәлелдер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove