Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету-халқымыздың мақтан етер дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан игі іс.
Осы орайда, бүгін орталық «Ысқақ» мешіттің ұйымдастыруымен және жаны жомарт азаматтардың қолдауымен Рамазан айында келген «Қадір түні» мерекесіне орай әлеуметтік жағдайы төмен 150-ден аса отбасыларға демеушілер тарапынан азық-түлік өнімдері үлестірілді.
Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел ағалары әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға тұрмысқа қажетті заттарды молынан таратты.
Шараны ұйымдастырушылар осынау игі істің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.