Аталған шараға қала әкімі М.Қадырбек, әкім орынбасарлары мен ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
«Мемлекеттік қызмет ел игілігі жолындағы жауапты да, абыройлы міндет. Халықтың сенімін ақтап, туған елің үшін қызмет ету асқан жауапкершілікті талап етеді. Қаламыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында атқарып келе жатқан қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін» - деп шаһар басшысы Мұрат Болатұлы құттықтау сөз сөйлеп, қаланың әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілерді Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Мереке қалалық мәдениет үйі өнер ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.