Әр басшы өз ұжымындағы ахуалға жауапты – Асхат Шахаров

Ақтоты Жапатова 21 қаз. 2025 09:51

Ақтөбе облысында кезекті аппарат мәжілісінде мемлекеттік органдардағы қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, моральдық-психологиялық ахуал және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов өңірде қызметтік әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жекелеген бұзушылықтар профилактикалық шараларды күшейтуді және басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігін көрсететінін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы Асхат Шахаров мемлекеттік органдардың басшыларына қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалға жүйелі бақылау орнатуды тапсырды.

«Әдеп нормаларының бұзылуы мен сыбайлас жемқорлық көріністері азаматтардың билікке деген сенімін төмендетеді. Әрбір басшы өзіне бағынысты құрылымдардағы тәртіп пен моральдық ахуалдың жағдайына жеке өзі жауапты болуы тиіс», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп, мониторинг нәтижелерін Әдеп кеңесінің отырысында қарауды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстың тиімділігі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тікелей және жеке жауапкершілігі екенін алға тартты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар