Ақтөбелік жүргізуші жолда "шоу" жасап, көлігінен айырылды

Ақтөбелік жүргізуші жолда "шоу" жасап, көлігінен айырылды
ІІМ

Ақтөбеде жол үстінде "шоу" жасаған жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жігіт көлік басқару кезінде жол ережелерін бұзған бейнежазбаны анықтаған.

Ақтөбе қаласындағы басты даңғылдардың бірінде жүргізуші жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіре отырып, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған. Оның үстіне өз әрекетін бейнекамераға түсіріп, кейін әлеуметтік желіде жариялаған.

Құқық бұзған адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеріс нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.