Ақтөбеде мешітте зәбір көрген қызды ер адам "шайтанға" теңеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Эммануэла Наурызбаева есімді ақтөбелік бойжеткен Instagram-дағы парақшасында Алматыда тағы бір ер адамның агрессиясына ұшырағанын видео арқылы баяндады. Кадрда ол көшеде келе жатқанда, бейтаныс ер адам танып, мешіттегі жағдай туралы сұрай бастайды да, артынша қорлайтын сөздер айтады.
"Сен ғой Эммануэла деген? Рас па? Шынымен-ақ жабысқан ба саған? Әлде әдейі исламды қаралап жүрсің бе? Өзің шайтан сияқтысың ғой", – дейді кадр сыртындағы ер адам.
Тағы бір видеода сол адам көшеде соңынан айқайлап:
"Азғын! Кәдімгі азғын!" – деп балағат сөздер айтқан.
Қыздың айтуынша, ол телефонын шығарып, түсіре бастағанда, ер адам қашып кеткен. Видеода Эммануэла көз жасына ерік беріп, өзін мүлдем қорғансыз сезінетінін айтты.