Ақтөбедегі дәмханадағы жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбедегі дәмханадағы жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды
112 KZ.

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, екі адам зардап шекті. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақтөбе қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметіне шақырту 13 қараша күні сағат 10:28-де түскен. Бір минут ішінде оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жеткен.

«Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 19 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде, ал 36 жастағы әйел политравма бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады басқарма.

Еске салайық, 13 қарашада Тәуелсіздік даңғылы, 14/1 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан ғимараттың жапсарлас құрылысы құлап, өрт шыққан. Сондай-ақ тұрғын үйдің терезелері зақымданған.

Өрт сағат 10:53-те толық сөндірілді. Оқиға салдарынан адам өлімі тіркелген жоқ.