Ақтөбеде тұрғын үйде жарылыс болды

Ақтөбеде тұрғын үйде жарылыс болды
видео кадры

Ақтөбенің Алтын Орда шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада жарылыс болды. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жарылыс 13 қарашада сағат 10:28-де Тәуелсіздік даңғылы бойындағы дәмханада болған. Газ бен ауа қоспасы тұтанған.

Жарылыстан ғимаратқа жапсарлас салынған құрылыс бөлігі опырылып, кейін өрт шыққан. Сондай-ақ, тұрғын үйдің терезелері зақымданған. Өрт сағат 10:53-те толық сөндірілді.

Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккен екі адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Қазір мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.