Freedom Inside '26

Ақтөбеде жарнама түсіру кезінде жол ережесін бұзғандар жазаланды

Ақтөбеде жарнама түсіру кезінде жол ережесін бұзғандар жазаланды
ІІМ

Ақтөбеде жарнама түсіру кезінде жол ережесін бұзғандар жазаланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақтөбеде дәмханалардың бірін жарнамалау үшін түсірілген видеоға байланысты азаматтар жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қыз жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басы мен денесін шығарғаны байқалған.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі мен жолаушыны анықтаған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін екеуі де қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.