Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды

Сағыныш Сардарова 05 ақп. 2026 12:58

Ақтөбе облысында келінін зорлады деген айып тағылған 53 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы "Диапазон" басылымы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға жайлы ақпарат алғаш рет 2025 жылғы қарашада әлеуметтік желілерде тараған. Алға ауданы Бесқопа ауылының тұрғындары күдікті бұрыннан ішімдікке әуес екенін айтқан. Ол Тоқмансай ауылынан көшіп келіп, өгей ұлы және оның жұбайымен бірге тұрған.

Тергеу нұсқасына сай қылмыс келін үйде жалғыз қалған сәтте болған. Мас күйдегі қайын ата әйелге күш көрсетіп, зорлық жасаған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті сол кезде 22 жастағы тұрғынды зорлау дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеген болатын.

Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамаған. Соған қарамастан сот зорлық дерегін дәлелденген деп танып, оны сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove