8 мамыр күні Астана – Франкфурт бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтөбе әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әуе кемесі елордадан сағат 08:54-те көтеріліп, Ақтөбеге 11:34-те қонған.
Әуе компаниясының мәліметінше, экипаж қауіпсіздік талаптарына сәйкес шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.
Жолаушыларды әрі қарай жеткізу үшін Алматыдан резервтік ұшақ жіберілген. Оның Ақтөбеден ұшу уақыты 14:20-ға жоспарланған.
Еске салайық, 6 мамыр күні Швейцария ұшағы Қазақстан үстінде дабыл белгісін беріп, Алматыға шұғыл қонған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтағы екінші пилоттың денсаулығы аяқ астынан сыр берген. Оның іші қатты ауырып, жағдайы нашарлағаннан кейін экипаж дабыл белгісін берген.