Швейцариялық ұшақтың Алматыға не үшін шұғыл қонғаны белгілі болды

Швейцариялық ұшақтың Алматыға не үшін шұғыл қонғаны белгілі болды
Фото: shutterstock.com

Швейцариялық әуе ұшағының Алматыға не үшін шұғыл қонғаны белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтағы екінші пилоттың денсаулығы аяқ астынан сыр берген. Оның іші қатты ауырып, жағдайы нашарлағаннан кейін экипаж дабыл белгісін берген.

Оқиға Қарағанды облысының үстінде, ұшақ шамамен 11,6 мың метр биіктікте ұшып бара жатқан кезде болған. Осыдан кейін экипаж бағытты өзгертіп, Алматы әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ жерге қонған сәтте әуежайда дәрігерлер дайын тұрған. Пилотқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем көлігімен Алматыдағы №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Швейцарияның SWISS әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Қазақстан аумағында дабыл белгісін беріп, Алматы әуежайына шұғыл қонғаны туралы жазған едік. Airbus A350 ұшағы Сеул қаласынан Цюрихке бағыт алған. Алайда Қарағанды облысының үстімен ұшып бара жатқан кезде экипаж Squawk 7700 кодын жіберген.