Ақтауда қаланың қоғамдық кеңістігін дамытуға арналған жобалар талқыланды

Dalanews 17 сәу. 2022 06:38 902

Сенбі күні Маңғыстау облысы Нұрлан Ноғаев Ақтаудың бастамашыл тобымен кездесіп, қаланың қоғамдық орындарын дамыту мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін форматта ұйымдастырылған шараға кәсіпкерлер, еріктілер, мәдениет және спорт өкілдері, мемлекеттік органдардың, коммуналдық мекемелердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова, облыстық баскетбол федерациясының президенті Самсон Аракелян және IT-кәсіпкер, «Смарт-Ақтау» жобасының авторы Сергей Шматеев презентация жасады.

Бастамашыл топтың жобалары қаланың қоғамдық кеңістігін дамытуға,



сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындар үшін жайлы орта құруға арналған. Презентация аяқталғаннан кейін жиынға қатысушылар аталған жобаларды талқылады.

Өңір басшысы өз кезегінде жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

– Кез келген жобаны аяғына дейін іске асыру – көп еңбекті қажет ететін процесс. Алайда, барлық кедергілерге қарамастан, біз осы бағытта жүруіміз керек. Жергілікті атқарушы органдар барлық ұсыныстарға ашық, ал қала тұрғындары қаланың қоғамдық кеңістігін дамытуға, абаттандыруға белсене  атсалысуы тиіс, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар