АҚШ аумағында бұрын соңды болмаған күрделі ауа райы жағдайы жалғасып, қарлы боран толастамай жатыр. Елдің шығыс жағалауында су тасқыны қаупі бар, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ал South Florida Reporter басылымының жазуынша, қазіргі уақытта АҚШ «тарихи тұрғыда өте қатал әрі ұзаққа созылған қысқы ауа райының ықпалында қалып отыр, себебі ауқымды дауыл жүйесі шығыс жағалау маңында қуатты циклонға айналып барады».
Сондай-ақ, басылым «қауіпті суықтың оңтүстікке қарай таралып жатқанын» атап өтеді.
Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты АҚШ-та көптеген үй шаруашылықтары электр қуатынсыз қалғаны хабарланған.
