АҚШ пен Иран ядролық келіссөздері аясында мұнай бағасы тағы да құлдырай жөнелді

Кәмшат Тілеухан 15 мам. 2025 16:31 734

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 64 долларға дейін төмендеді (-3,9%), WTI фьючерстері де минусқа кетті. Нарық геосаяси ахуалға қарай өзгеріс жасауда. Атап айтқанда, Дональд Трамп Дохада Вашингтон мен Тегеран ядролық бағдарлама бойынша "мәмілеге келуге жақын" деп мәлімдеді еді. Ал бүгін Иранның өзінен санкция алынса, бұл келісімге келісуі мүмкін екені белгілі болды. Бұл дегеніңіз, нарықта мұнай  ұсынысы артып, бағаның тағы төмендеуін байқатады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

NBC News телеарнасы Иранның көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің кеңесшісі Әли Шахманиге сілтеме жасай отырып, егер АҚШ Иранға салынған санкцияларды алатын болса, онда қарсы тарап ядролық бағдарлама бойынша шектеулерге баруы мүмкін екенін хабарлады.  

"Міне, осы ақпарат нарықтардағыларды абыр-сабыр етті. Өйткені бір күн бұрын ғана санкциялық қысымды қатаңдату мәселесі қозғалып жатқан Иран осындай дипломатиялық серпіліс жасады. Яғни, Трамп өз айтқанына Иранды көндіріп, өзара келісімге келе алса, оның үстіне ОПЕК-тің мамыр айында өндірісті арттыратынын есепке алсақ, онда 2025 жылдың екінші жарты жылдығында әлемдік нарықта сұраныстан гөрі ұсыныс өте жоғары болмақ", деп жазады BСC Invest.

Айта кетсек, АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) таратпау бағдарламалары мен Иран санкциялар шеңберінде санкциялар тізімдерін жаңартты. Жаңа шаралар Иранның қару-жарақ бағдарламасын қолдауға қатысқан жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде Қытай және Гонконг компанияларына бағытталған. Соның ішінде Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) зымырандық және аэроғарыштық жүйелерін әзірлеумен байланысты жоғары технологиялық материалдар мен жабдықтарды жеткізу тұсы да қамтылады.

OFAC Иран мен оның Азиядағы серіктестеріне зымыран мен Аэроғарыштық бағдарламаларды жеткізу тізбегіне бағытталған қысымды күшейтуді жалғастыруда. Қытай компанияларына тізені батыруда АҚШ-тың технологияны Иранға берудегі Бейжің рөліне көптің көбірек назар аударуға тырысуда. Санкцияға Қытай (Qin Dehui, Qin Jinhua, Wang Chao және т.б.) және Иранның (Rezai Mohammad және т. б.) азаматтары, сондай-ақ Қытай, Иран және Гонконг компаниялары да ілінді.

Тізімге енгізілген қытайлық негізгі компаниялар - Shanghai Tanchain New Material Technology, Reso Trading Shanghai, Qingdao Premier Technology және т. б.

Иран құрылымдары Advanced Fiber Development, Narin Sepehr Mobin Isatis, Pishtazan kavosh gostar Boshra, КСИР және оның аэроғарыштық бөлімшелері.

Барлық аталған адамдар мен ұйымдар қосарлас санкцияларға ұшырауда бұл олармен жұмыс істейтін кез келген тарап үшін шектеулер қаупін арттырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар