АҚШ елшісі жаңа Конституция бойынша референдумның табысты өтуіне тілектестік білдірді

Самал Асқар 13 ақп. 2026 18:37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды Dala News.

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Президент Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызын айтты.

Өз кезегінде Джули Стаффт АҚШ Президенті Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.

Елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды жоғары бағалап, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ тараптар Бейбітшілік кеңесі аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құрылым халықаралық тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы тиіс екенін айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove