2024 жылы 22 жастағы Ақнәр Хамит Алматыдағы тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап қайтыс болған. Марқұмның анасы Гүлстан Хамит істің әлі ашылмағанына көңілі толмай отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Анасының айтуынша, Ақнәрге физикалық қысым жасалып, кейін балконнан лақтырылуы мүмкін. Астанада өткен брифингте ол қызының өліміне қатысы бар деп күдіктенетін қыздардың әлі күнге дейін бостандықта жүргенін айтты.
Марқұмның адвокаты Инга Иманбай қылмыстық сипат бар екенін көрсететін дәлелдер жеткілікті екенін атап өтті. Соған қарамастан іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тергеліп жатыр. Адвокат істі қайта саралауды талап етеді.
Еске салайық, Алматыда 2024 жылы 20 шілдеде Ақнәр Гүлстан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, қайтыс болған. Тергеу бұл оқиғаны "өзін-өзі өлтіру" бабымен тіркеген. Алайда жақындары Ақнәрдің жетінші қабаттан құлап кеткеніне сенбейді. Олардың сөзінше, марқұм қаза тапқанға дейін денесінде азаптау белгілері болған.
Кейінірек марқұмның анасы Гүлстан Қамит Алматы қалалық тергеу органдары мен прокуратурасы бұл істі жеңіл баппен өзіне өзі қол жұмсауға итермелеу деп бағалап, шынайы тергеу жүргізбей отырғанын мәлімдеді.
Ал Алматы қалалық ПД мәліметінше, тергеу басқармасы былтыр шілдеде Алматы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.
