Алматыда былтыр жетінші қабаттан құлап көз жұмған Ақнәр Хамиттің туыстары оның өліміне қатысты тергеу әділетсіз жүргізіліп жатқанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматыда 2024 жылы 20 шілдеде Ақнәр Хамит көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, қайтыс болған. Тергеу бұл оқиғаны "өзін-өзі өлтіру" бабымен тіркеген. Алайда жақындары Ақнәрдің жетінші қабаттан құлап кеткеніне сенбейді. Олардың сөзінше, марқұм қаза болғанға дейін денесінде азаптау белгілері болған.
"Бірақ полиция тергеу кезінде оны іс материалдарына қоспаған" дейді олар.