Ақмола облысында төрт туысын өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті

Ақмола облысында төрт туысын өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті
ЖИ: Dalanews.kz

Ақмола облысының Аршалы ауданында 2026 жылдың наурыз айында төрт туысын өлтірген ер адам сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберілді, деп хабарлайды dalanews.kz

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам параноидты шизофренияға шалдыққан. Қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекетінің мәнін түсінбеген. Сондай-ақ қазіргі уақытта оның тергеу мен сот процесіне қатысуға психикалық жағдайы мүмкіндік бермейтіні анықталған.

Осыған байланысты сот оны есі дұрыс емес деп танып, қылмыстық жауапкершілікке тартудан босатты.

Сот қаулысымен ер адам қарқынды бақылауы бар мамандандырылған психиатриялық стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.