Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай сапарын ұйымдастырған Нигерия азаматы қолға түсті

Dalanews 20 мау. 2022 15:09 911

Есірткі тасымалымен айналысты деген айыппен Қытайда өмір бақиға сотталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы осы сапарды ұйымдастырған "Джонни" есімді азаматтың ұсталғанын жеткізді деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Осыдан 8 жыл бұрын Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Нигерия азаматы,  "Джонни" лақап атымен танымал Адиндо Нонсо Форчун шет мемлекеттің аумағында қолға түсті", - деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

2015 жылы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Нұрмағамбетов толығырақ ақпарат алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне адвокаттық сауал жолдағанын айтты.


Қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында 2014 жылдың наурыз айында ұсталды. Ол таныстарының айтуы бойынша, Алматыдан Қытайға аттанған.



Олар қызға Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауын өтініп, сол үшін қомақты қаражат төлейміз деп уәде еткен. Бойжеткен Гуанчжоу әуежайынан ұшып бара жатқанда ұсталды. Оның сөмкесінде есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы мүлде білмейтінін мәлімдеді. Ол өз кінәсін мойындамады. Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталған жоқ.

2015 жылдың маусымында Гуандун соты Қазақстан азаматшасын өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2018 жылы сот істі қайта қарауға жіберді.

Алайда кейінірек оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы туралы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Аппеляциялық инстанция 2020 жылдың тамыз айында Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін тағы да өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін Бас прокуратураның өкілі Ғалымжан Қойгелдиев


қазақстандық тарап Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстыруға үмітін үзбейтінін, егер Қытай соты сотталушының жазасын қысқартып, жазаны өтеудің нақты уақытын тағайындаса, бәрі мүмкін екенін айтқан.



“ҚХР-дағы ҚР Елшілігі қолданыстағы заңға сәйкес Ақжарқын Тұрлыбайдың жаза мерзімін қысқарту үкім заңды күшіне енген сәттен 2-3 жыл өткеннен кейін мүмкін болатынын айтты. Бұл мәселе тұрақты бақылауда, А.Тұрлыбайға қатысты жаза жеңілдесе не жазаның нақты мерзімі айтылса Бас прокуратура оны Қазақстанға ауыстыру туралы қайтадан сұрау салуға бастамашылық жасайды”, – деді Қойгелдиев.

https://dalanews.kz/sadak/78714-oligarkh-otemuratov-altyn-biznesi-ushi

https://dalanews.kz/del-qazir/78610-akimder-reytingi-bir-gramota-tapsyry

https://dalanews.kz/news/78561-smayylovqa-aytarym-bar-deputat-zhurt

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар