– Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Бұл өзгерістер елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс.
Атап айтқанда, "Ақ жол" партиясының басты мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуына қажетті жағдай жасау, оның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын ұдайы көтеруге бағытталған. Сондай-ақ, біздің партия Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуі үшін қызмет етеді, – деді Азат Перуашев.
Халықпен кездесуде Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясы ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуының іргелі негізін қалаған Алаш қозғалысының ізбасары екенін, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды, әлемдік өркениеттің озық жетістіктерімен ұлттық мүдделерді тоғыстыруды мақсат еткенін атап өтті.
Басқосуда партия атынан саяси додаға түсіп жатқан кандидаттар «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасын таныстырып, Парламентте атқарылған жұмыстарына тоқталды.
Бағдарламаның негізгі алты қағидатын атаған ақжолдықтар жемқорлықпен күрес, әлеуметтік әділеттілік, ауылды ипотекалық несиелендіру, ауыл жастарын қолдау және медициналық сақтандыру бойынша жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
Тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстарын мұқият тыңдағаннан кейін «Ақ жол» партиясының Республикалық штаб мүшелері Ақтөбе қаласына ат басын бұрды.
Партия басшысы мен «Ақ жол» штабының мүшелері Ақтөбе қаласында орналасқан «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерімен кездесті. Жиында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев кәсіпкерлерді толғандырған мәселелерді көтерді.
– «Ақ жол» демпартиясы – кәсіпкерлер мен отандық өндірушілердің өкілі. Біз бизнестің мүддесін қорғау үшін жұмыс істейміз. Мақсатымыз – сіздер сияқты өз ісін дамытып, отбасын асырап, жұмыс орындарының ашылуына үлес қосып жүрген азаматтарымызға қолдау көрсету.
Бүгінде елдің ең үлкен мәселесі – байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық. Бұл мәселені толыққанды орта тапты қалыптастыру арқылы шешуге болады.
Бизнестің жұмысына кедергі келтіру арқылы емес, азаматтардың табысын арттыру арқылы халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселенің шешімін осылай ғана таба аламыз, – деді Азат Перуашев.
Жиынға қатысушылар партияның саяси бағдарламасын қолдап, бизнеске қолайлы жағдай жасауға және әділ салық салуға ықпал ететін жаңа заңдар мен бастамаларды әзірлеуде ШОБ мүдделерін ілгерілетіп отырғаны үшін «Ақ жол» демпартиясына алғыс білдірді.
Сол күні «Ақ жол» штабы «Dulat» ЖШС жабынды зауыты мен «Глобал» ЖШС жұмыс киімдерін шығаратын өнеркәсіптік орталықтың еңбек ұжымдарымен кездесті.
Кездесулерде Республикалық штаб өкілдері кәсіпорындардың жұмысымен танысып, өзекті мәселелерді талқылап, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Республикалық штаб мүшелері сайлаушылардың ұсыныстарын назарға алып, 19 наурыз күні «Ақ жол» демпартиясын қолдау үшін сайлау учаскелеріне келуге шақырды.
*Материалдың ақысы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау қорынан төленді.
https://dalanews.kz/news/86933-azat-peruashev-munay-kompaniiasy-men-sh