Аппеляция соты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдыға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот шешімі бойынша, оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Сатыбалды Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды:
•126-бап – заңсыз бас бостандығынан айыру,
•194-бап – аса ірі мөлшерде бопсалау,
•389-бап – өзінше билік ету.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісіне қатысты сот үкімі шықты.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлмира Сатыбалдыны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады, ал көмекшісі Мәди Батыршаевты 9 жыл бас бостандығынан айырылды.
Бұдан бұрын болған сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалдының көлік жүргізушісі әрі көмекшісі Мәди Батыршаев бұл қылмыстық іске еш қатысы жоғын айтып, судьядан әділ төрелік жасауды өтінді.
Еске салайық, 2023 жылы Гүлмира Сатыбалдыға екі рет сот үкімі шыққан еді. 2023 жылы маусымда Қызылорда соты "Бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру" бабы бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айырған еді. Оның алдында Астана соты "Адам ұрлау" (125-бап) және "Өзінше билік ету" (339-бап) баптары бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны 7 жылға соттаған.
Бұл жолы Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды бопсалау және кәсіпкерді заңсыз еркіндігінен айыру ісі бойынша сотқа тартылып отыр.