Әнші Гүлнар Сиқымбаева өмірден өтті

Қаракөз Амантай 05 қаз. 2024 10:27 9666

Әнші Гүлнар Сиқымбаева өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы хабарды журналист Оралхан Дәуіт жариялады.

"Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз...

Алла Тағалам о дүниеңізді берсін.
Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды.

Жаназасы ертең Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өтеді", - деп жаз Оралхан Дәуіт парақшасында.

Айта кетейік, кейінгі жылдары сахнадан көрінбей кеткен әнші соңғы он жылдан бері Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде сабақ беріп жүрген болатын.

Гүлнәр Сиқымбаева отбасындағы он бес баланың үлкені. Шымкент іргесіндегі Ленгір ауданындағы Майбұлақ таулы ауылында өскен. 1985 жылы Гүлнәр Сиқымбаева "Гүлдерге" қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Ол қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде ән шырқаған. Қырғызсатан және Қазақ­стан Рес­публикасының еңбек сі­ңір­ген әртісі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар