Алматы облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы бұйрығымен Аманжол Истолеуович Ибрагимов 2025 жылғы 17 ақпаннан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аманжол Истолеуович 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1995 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «шығыстану» мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы теміржолының жетекші маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының халықаралық басқармасында, Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы өкілдігінің басшысы (ҚХР), “ҚТЖ” ҰК-ның халықаралық басқармасының бөлім басшысы, ҚХР және Оңтүстік-Шығыс Азия (Пекин) өкілдігінің басшысы, “ҚТЖ” ҰК” Президент кеңесшісі, «ҚТЖ Экспресс” АҚ-ның Президент кеңесшісі, «Казпочта» АҚ-ның филиал директоры, «КТЖ Экспрес» АҚ-ның контейнер тасымалдау департаментінің директоры, «Eurasia Supply Chain Aktau/Almaty» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарған. 18 жылдай “ҚТЖ” ҰК” АҚ-ның ҚХР-ғы Өкілдік жұмыстарын басқарған.
2024 жылғы қазан айынан қазіргі уақытқа дейін «TezJet Cargo» ЖШС-ның бас директоры лауазымында қызмет атқарған.