Амангелді Сейітханды қызметте өсірмеу, шетелдегі спорттық шараларға жібермеу турасында бұйрық болды – журналист

Dalanews 17 там. 2023 05:02 1040

Белгілі спорт журналисті Аслан Қаженов өзінің Фейсбуктағы парақшасында таяуда Қазақ радиосына сұхбат беріп, белгілі спорт журнлисті Амангелді Сейітханұлының мезгілсіз қазасына қатысты біраз шындықты айтқанын алға тартты. Ол әріптесінің мезгілсіз қазасы жайында ойын былайша пікір білдірді.

– Жақында Қазақ радиосындағы «Бестселлер» бағдарламасына сұхбат бердім. Әңгімеміз бір кезде Амангелді Сейітханға бұрылды.

Оның ішінде Аман ағаның тікелей эфирден шеттетіліп, комментатор болуына кедергі келітргенді де айттым.

Мәселен, ағамыз 2016-2017 жылдарға дейін микрофон ұстап, бізбен бірге «поляда» жүрді. Оны қызметте өсірмеу туралы тікелей бұйрық болды. Шетелдегі спорттық шараларға баруына мүмкіндік бермеді.


Осыдан кейін амалсыз, жұмыстан уақытша шығып, федерацияға не министрлікке келісіммен жұмысқа тұрады. Сөйтіп, солардың атынан ғана барып жүргенін көрдім.

Ал редактор болған кезінде мәтінді өзгертуге, тіпті, эфирдегі материалға тиісуге тыйым салды.

Осының бәрін боғымен жасты қыз-жігіттер істеді. Әрине, моральдық тұрғыда ауыр. Ағамыздың кемшілігі – соның бәрін ішінде сақтады. Ашық айтпады. Шерін тарқатпады. Соңында қайтыс болуына да сол түрткі деп ойлаймын.

Өйткені, ковид кезінде осындай жаралардың беті ашылып, барлық ауру қозады ғой. Қысқасы, сөйтіп, Амангелді Сейітханды өлтірді. Ащылау болса да, ашығы осы. Енді одан жақсы адам таппай жүрміз.


Қалай болғанда да, Амангелді Сейітхан өз биігінде қалды. Оның есімін де, еңбегін де көпшілік жақсы біледі. Біз тұрғанда насихаттала береді де.

Ал, оның балағынан тартып, жан-жағынан жұлмалаған кімдер? Оларды ешкім білмейді. Олар әлі тірі жүр. Олар солай өмірден өтеді де.

Өкініштісі, Амангелді Сейітхан сияқты талай адамды жалмап кетеді. Оларда өкініш болмайды. Олардың миссиясы сол. Олардың қолынан басқа ештеңе келмейді. Радиодағы сұхбатты осындай ойлармен түйіндедім...

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар