Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін жұрт назарына қайта ілікті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Нұрәлі Әлиевтің жары Аида Әлиева әлеуметтік желідегі парақшасында сурет жариялап хабарлаған. Жазбада ол кештен алған әсерімен бөлісіп, "Әйелдің өмір жолы туралы керемет кеш болды, рақмет" деп жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева 2026 жылдың 15 наурызында Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өткен іс-шарада кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен бірге көрінген болатын.
Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиевтің жұбайы. Ал Әлия Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының кенже қызы ретінде белгілі.
