Амал жасау жұмаққа түсудің кепілі емес

Амал жасау жұмаққа түсудің кепілі емес
Ислам діні бойынша ешқандай амал адамның жұмақтық болуының кепілі емес.

Ол Алланың ризалығы мен сыйына байланысты. Ал, егер амалдар – жұмақтың кепілі делінсе, онда адам мен Алла арасында «бух учет»  басталып кетер еді...

Әрбір амалдың «таразысы немесе өлшемі, бағасы, құны» белгіленіп, қып-қызыл саудаға айналар еді.

Сондықтан «мен – амалдамын, намаздамын, мінажаттамын» деп амалына сеніп кету де шынайы діндарлықтың сыртына шығып кетеді.

Амал – Алла үшін емес, өзің үшін. Иман – Алла үшін емес өзің үшін. Дін – Алла үшін емес, өзің үшін...


Ең басты ұстаным – адамның өзін өзі алдамауы...

Ондай адам ешкімді де, Алланы да алдамайды... Ондай адам рия, көрініс деген спектакльден аулақ болады...

Досай КЕНЖЕТАЙ, дінтанушы