Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Партияның құрылтай съезі Астанада өтті. Жиынға Қазақстанның барлық өңірінен мыңға жуық делегат қатысқан.
Құрылтай барысында партияның жарғысы мен бағдарламасы бекітіліп, басшылық құрамы анықталды. Партия өкілдерінің мәліметінше, «Әділеттің» негізгі құндылықтары ретінде әділдік, жауапкершілік, патриотизм, еңбек және даму қағидаттары белгіленген.
Айбек Дәдебай Президент әкімшілігін 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың 5 мамырына дейін басқарды. Кейін бұл қызметке бұрынғы бірінші вице-премьер Роман Скляр тағайындалған болатын.
Оған дейін Дәдебай 2022 жылдан бастап Президент іс басқарушысы қызметін атқарған. Ал 2021 жылы Президент іс басқарушысының орынбасары болған.