"Алтаудың хаты": Депутаттар "Алтын орданы" басып алу ісін дұрыстап тергеуді талап етті

Көркем Алдабергенова 13 мау. 2024 11:03 40630

Жақында мәжіліс депутаттары хат жазып, Алтын орда базарын қайтадан басып алу ісіне қатысты мәселе көтерді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Хатты мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан Жарқынбек Амантай, Нұрсұлтан Бәйтілесов, Данабек Исабеков және Асқар Садықов жазған. 

Хат "Алтын орда" базарын қайтадан басып алу ісіне қатысты. Бұған дейін Болат Назарбаев базарды "ескі әдіспен" басып алған. Енді депутаттар олар базарды қайтадан басып алушылардың әрекеттерін тергеуді талап етіп отыр. Себебі депутаттар олардың "жаңа Қазақстан" өкілдерімен туыстық байланысы бар деп болжаған.

Халық қалаулылары Антикор басшысы Асхат Жұмағалиевтен жан-жақты тергеу жүргізуді сұрап отыр. Олар арызын соталды тергеу тізіміне енгізіп, базарды басып алуға қатысты зерттеу жүргізуді талап етті.

Еске салайық, бұған дейін Әнипа Назарбаеваның Кенжехан базарымен байланысын жазған болатынбыз. Ол Базарды сатып жібергеннен кейін жаңа басшылық саудагерлерге жаңа талаптар қоя бастаған. 2022 жылы 29 наурызда Әнипа Назарбаева Кенжехан базарын 633,6 миллион теңгеге сатып жіберген. Базарды қолына алған мекеме Назарбаевтар мен Мәсімовпен байланысты кәсіпкер Сергей Кимге тиесілі. 

Кенжехан базары Әнипа Назарбаеваға тиесілі болған кезде, оның қоластындағылар саудагерлерге сауда орындарына қымбатқа берген. Бір контейнердің өзі 200 мың доллардан басталып мыңдаған долларға дейін жеткен. Ал жалға алу құны 10-12 мың долларға дейін жеткен. Саудагерлерге сауда орындары олардың толық меншігіне айналады деп уәде етілген.

"Сауда орнын жалға алу құжатында қажет болған жағдайда адамды шарттарды бұзды деп айыптауға болатын тұстары бар. Жалға берушілер әдетте осыны пайдаланады", - дейді Кенжехан базары саудагерлерінің құқығын қорғаумен айналысатын Александр Слепцов. 

Назарбаева ханым саудагерлердің жалға алу ақшасын алып, чек бермеген кездері де болған. Ұсақ кәсіпкерлер заңды құжаттарға аса мән бермей, жалға алу бойынша келісімшарт жасалғанын дәлелдейтін құжат талап етпеген. Ал құжат талап еткендерді үркітіп, қорқытып немесе мүлде елемей кеткен. 

"Кенжехан" сатылып кеткеннен кейін базардың жаңа иелері бұрынғы әкімшілік берген құжаттардың құны жоқ екенін мәлімдеген. Олар Әнипа Назарбаева берген чектер жалған екенін айтқан. Бастапқыда жалға алушыларға контейнерлерді 325 мың теңгеден жалға алып, нотариалды түрде тіркеп, артынша толық сатып алуды талап еткен. Саудагерлер бұл мәлімдемелерге наразы болған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар