Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінде аутизмі бар адамдарды қолдауға бағытталған аймақтық хаб ашылады. Жоба халықаралық тәжірибені өңірдің ерекшеліктеріне бейімдеуге, мамандар арасында тәжірибе алмасуға және ғылыми негізделген тәсілдердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бастаманың аймақтық моделі Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында таныстырылды. Жобаны Болат Өтемұратов қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман ұсынды.
Хаб аутизм саласындағы зерттеулерді дамытуға, мамандардың өзара тәжірибе алмасуына және халықаралық әдістерді жергілікті жағдайға бейімдеп енгізуге ықпал етпек.
Жоба Аутизмі бар адамдардың мүддесін қорғау жөніндегі жаһандық коалициямен (GAAC) серіктестік аясында жүзеге асырылады. Болат Өтемұратов қоры коалицияның Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы аймақтық серіктесі болады.
GAAC 2025 жылы БҰҰ алаңында Qatar Foundation, Autism Speaks, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ-тің қатысуымен құрылған. Қазақстандық қор коалицияның құрылтайшы мүшелерінің қатарына кіріп, оның іске қосылуына қатысқан.