"Алсеко" Вячеслав Кимге 679 млн теңге дивиденд төледі

Кәмшат Тілеухан 21 мам. 2025 16:06

Коммуналдық төлемдер бойынша есеп айырысу операторы – "Алсеко"өзінің жалғыз акционері Вячеслав Кимге 2024 жылға 679 млн теңге дивиденд төледі. Сонда бір жай акцияға төленген дивиденд мөлшері 97 мың теңгені құраған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қоғамның 2024 жылғы таза табысы былайша бөлінсін: 679 000 000 теңге дивидендтер төлеуге бағытталсын. 2024 жылғы дивидендтің мөлшері қоғамның бір жай акциясына есептегенде 97 000 теңге мөлшерінде айқындалсын", - деп хабарлайды BES.media компания хабарламасына сілтеме жасап.

2023 жылы компания өз акционерле ріне 498 млн теңге, 2022 жылы 620 млн теңге дивидендтер төледі.

Айта кетсек, 2015 жылдың жазында Forbes Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзенің "АЛСЕКО" АҚ акцияларын жекелей жағдайда сатып алғалы жатқанын жазған, яғни мәмілеге банктің қатысы жоқ. Нәтижесінде бұл үлес тек Кимнің қолына тиді.

Осы мәмілеге дейін "Алсеко" акцияларының 75%-ы "ААТД" ЖШС-ға және 25% - ы Власовқа тиесілі болған. "ААТД" ЖШС-нің түпкі иесі әрі тең үлескері Қайрат Боранбаевтың Швейцарияда тіркелген Global Conformity AG компания болған.  2015 жылы Ким "Алсеко" акцияларының 90% -ын сатып алды, тағы 10% - ын компания негізін қалаушы Олег Власовқа тиесілі болды.  2024 жылдың жазына дейін жағдай осылай болды.  Ал одан кейін акционерлер құрамынан Власов шығып,  "Алсеконың" жалғыз акционері Ким атанды.

"Алсеко- коммуналдық төлемдер бойынша есеп айырысу саласындағы ірі оператор. 2023 жылғы компанияның табысы 614 млн теңгені құрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар