Алматылық жүргізушілерге маңызды жаңалық: басқа көшелерде де Саин көшесіндегідей шектеу енгізіле ме?

Алматылық жүргізушілерге маңызды жаңалық: басқа көшелерде де Саин көшесіндегідей шектеу енгізіле ме?
gov.kz

Алматы полициясы "Саин көшесіндегідей қаланың басқа көшелерінде де жылдамдықты шектеу енгізіле ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Саин көшесінде жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін шектеу пилоттық режимде енгізілген. Бұл шара әзірге бір ғана учаскеде сынақ ретінде қолданылып жатыр.

Саин көшесінің Төле би көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігі кездейсоқ таңдалмаған.

"Біз мұны жол апаты көп болатын учаскелерді ескере отырып жасап жатырмыз. Талдау жасалды. Сондықтан жол апаттарының санын азайту үшін осындай әдісті қолданып жатырмыз", - деп түсіндірді Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, полиция әзірге қаланың басқа көшелерінде осындай жылдамдық шектеуін енгізу жоспарланбағанын мәлімдеді.