Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей рейс ашылды

Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей рейс ашылды
Алматы әкімдігі

Алматы мен Түркияның әуе қатынасы кеңейіп келеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

31 шілдеден бастап Алматы мен Измир қаласы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. SunExpress әуе компаниясы ашқан жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланысты одан әрі нығайтып, қаланың халықаралық әуе желісін кеңейтеді.

Рейстер 2026 жылғы қазанның аяғына дейін аптасына екі рет - сейсенбі және жұма күндері Boeing 737-800 ұшағымен орындалады.

Ұшақ Измирден сағат 21:00-де ұшып, келесі күні 05:00-де Алматыға қонады. Кері бағыттағы рейстер сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Алматыдан 06:25-те ұшып, Измирге 09:50-де қонады.