Алматыда танымал неміс сырасы жертөледе заңсыз дайындалған

Алматыда танымал неміс сырасы жертөледе заңсыз дайындалған
ІІМ

Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегін анықтады. Тексеріс нәтижесінде жертөледе орналасқан сыра өндіретін жасырын цех әшкереленді.

Оқиға орнынан арнайы өндірістік жабдықтар, дайын өнім, сондай-ақ, өндіріс процесінде пайдаланылатын ыдыстар мен шикізат тәркіленді. Заңсыз айналымнан жалпы көлемі шамамен 7 мың литр сыра, шыны ыдыстар және алкоголь өнімдерін дайындауға қажет шикізат алынды. Бұл дерек бойынша тексеріс басталды.

"Жасырын цех әшкереленіп, жабдықтар мен дайын өнімнің ірі партиясы тәркіленді. Мұндай құқықбұзушылықтар ерекше бақылауда", - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.