Алматыда полиция сауда орындарына рейд шараларын күшейтті

Алматыда полиция сауда орындарына рейд шараларын күшейтті
ІІМ

Алматыда полиция сауда орындарына рейд шараларын күшейтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицейлер энергетикалық сусындардың кәмелетке толмағандарға сатылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық рейд жүргізіп жатыр. Рейд барысында полиция қызметкерлері сауда орындарын аралап, белгіленген талаптар сақталуын тексереді.

Сондай-ақ, сатушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреді.

"Мақсатымыз - заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу. Рейд барысында полиция қызметкерлері сатушыларға заң талаптарын түсіндіріп, энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сатуға жол берілмейтінін ескертеді", – деді Алматы қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Полиция сауда нысандарының өкілдерін заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сату заңда белгіленген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.