Алматыда ер адам попкорнға қақалып қайтыс болған: полиция тексеріс жүргізіп жатыр

Алматыда ер адам попкорнға қақалып қайтыс болған: полиция тексеріс жүргізіп жатыр
ашық дереккөз

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 29 жастағы ер адам попкорнға қақалып қайтыс болған. Бұл дерекке қатысты Алматы Полиция департаменті тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазір оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

"Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, полиция ер адамның нақты неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін оқиғаның мән-жайын жазған едік.