Тамыз айынан бастап Алматы тұрғындарының электр энергиясына төлем түбіртектерінде жаңа ақпарат көрсетіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Енді тұрғындар өздерінің электр энергиясын тұтыну көлемімен қатар, ПИК, МИБ (ОСИ) немесе басқарушы компанияның энергиямен жабдықтаушы ұйым алдындағы берешегі туралы мәліметті де көре алады.
«Алатау Жарық Компаниясы» бұл жаңашылдық тұрғындарға өз үйлерінің қаржылық жағдайын бақылауға және қарыздың бар-жоғын уақытылы білуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Сонымен қатар компания өкілдері ескерткендей, егер қарыз уақытында өтелмесе, көпқабатты тұрғын үйдің электрмен жабдықталуы шектелуі немесе толықтай ажыратылуы мүмкін.