Алматы - Тараз тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі

Алматы - Тараз тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі
ашық дереккөз

7 тамыздан бастап Жамбыл облысында Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы) тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы) тасжолының 159-238-шақырымы аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 2026 жылғы 7 тамыздан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз қаласы бағытына қарай көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде Алматы қаласынан Тараз қаласына бағыт алған көліктердің қозғалысы Отар – Қордай – Қайнар (Ескі Қордай асуы) тасжолы арқылы ұйымдастырылады.